«Ұлы дала мұрагерлері»
«Ұлы дала мұрагерлері» деген атаумен бөбекжай бүлдіршіндері арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Сайысты бөбекжайдың қазақ тілі мұғалімі Н.Б.Аяшева өткізді. Сайыстың мақсаты: егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жерін, елін сүюге, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу. Балалардың коммуникативті тіл құзыреттілігін арттыру, тілге деген құрмет көрсетумен бірге балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сайыста бүлдіршіндер мемлекеттік тіл тақырыбына арналған қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Атап айтсақ М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Н.Айтұлы, М.Әлімбаев, Ы.Әкім, Ә.Табылдиев, Д.Әбілев, Ш.Сариев, М.Омарұлы және т.б. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталды.