V күн -26 ақпан 2021 жыл. Қазақ тілі апталығының жабылуы
«Кітап – өмір ұстазы»
Қазақ тілі апталығының 5-күні кітап көрмесіне арналды. Бұл күні бөбекжайдың қазақ тілі кабинетінде қазақ халқының ақын-жазушыларының кітаптарынан бөбекжай қызметкерлеріне арналған көрме әзірленді. Көрмеге қазақтың ақиық ақындары Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Мақатаев, М.Жұмабаев, М.Әлімбаевтардың кітаптары қойылды. Бөбекжай қызметкерлері кітап көрмесінен кітаптар таңдап, ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, көрмеге қызығушылықтарын танытты.
Апталық флешмобпен аяқталды.