«Салтанат» бөбекжайында өтіп отырған «Оқу сауаттылығы» аптасының төртінші күні аттары әлемге әйгілі қазақ және орыс халқының ақындары А.Құнанбаев пен А.С.Пушкин шығармашылығына арналды. Балалар ақындарыдың шығармашылығымен, яғни олардың өлеңдерімен, ертегілерімен және аудармаларымен танысты.
Ересек топтар «Жеті гүл» ертегісінің мазмұнымен танысып, ертегі сюжеті бейнеленген видеоролик тамашалады.Сонымен қатар, желдеткіш-бетбелгі жасады.
Барлық топтар арасында оқыған ертегілер сюжеті бойынша сурет салу жұмыстары ұйымдастырылып, осы суреттер негізінде көрме дайындалды.
Кіші және ортаңғы топтар «Қой қасқырларды қорқытады» ертегісімен танысса, ересек топтар А.С Пушкиннің ертегілерін еске түсіріп, «Сказка о рыбаке и золотой рыбке» ертегісін тамашалады.
Ересек топ тәрбиеленушілері чиогами нинге нысанындағы бетбелгі жасап, шығармашылықтарын шыңдады.
Бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері қазақ халқының ақыны А.Құнанбаевтың шығармаларын тыңдап, солардың негізінде, апликация жасады.
Барлық топтар арасында А. Құнанбаев және А.Пушкин ертегілерінің желісі бойынша ең жақсы маска жасау байқауы өтті. Байқауға барлық топтар белсене қатысты. Ең үздік деп танылған маскалар көрмеге қойылды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=693571441522347&id=100026084931907