«Әжемнің ертегісі» қазақ тілі апталығының 4-күні
Қазақ тілі апталығының 4-інші күні бөбекжайдың барлық жастағы топ балалары ертегілерден театрландырылған қойылымдар қойды.
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Қызықты ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту. Үстел үсті және қуыршақ театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Бөбекжайымыздың кіші топтар «Түлкі мен құмыра», «Түлкі мен қоян», «Ақымақ қасқыр» ертегілеріннен қуыршақ театрінен, үстел үсті театрінен қойылымдар көрсетсе, ортаңғы топтар «Түлкі, тасбақа, кене», «Екі дос» ертегілерін сахналады, ал ересектер топтары «Алдар көсе мен бай», «Сиқырлы шапан», «Не дәмді?» «Алдар көсе мен тоңғақ» ертегілерінен театрландырылған қойылымдар көрсетті. Балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін шебер сомдап шықты. Ертегілер балалардың көңілінен шығып, балаларға қуанышты көңіл күй сыйлады.