Қазақ тілі апталығының 3-күні – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп аталды.
24 ақпан күні қазақ тілі апталығы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген атаумен басталды. Бөбекжай ата-аналарының арасында «Тіл білгірі» сайысы өтті. Ата-аналармен сайысты ересек топ тәрбиешісі Л.Г.Оразбаева өткізді. Сайысқа 5 ата-ана қатысып, бақ сынасты. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Ата-аналарға салт-дәстүр туралы сияқты әр түрлі сұрақтар қойылды. Ата-аналар сұрақтарға таласа жауап берді. Сайыс өте тартымды өтті.
«Қазақ тілі – қызмет тілі»
Орыс тобында оқытатын топ тәрбиешілері арасындағы сайыс «Қазақ тілі – қызмет тілі» деген атаумен өтті. Сайысқа 6 педагог қатысты. Сайыстың мақсаты: балабақша қызметкерлеріне қазақ тілін үйрете отырып, ана тілімізді құрметтеуге, сөздік қорларын молайтуға, тіл мәдениетін жетілдіре отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Сайыс 4 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Кім көп сөз біледі» деп аталды. Бұл бөлімде педагогтерге төл әріптер (қ, ө,ү,ә, і, ы) ұсынылады. Педагогтер өздері таңдаған әріпке бірнеше сөз құрастырады.
Екінші бөлім «Тығылған сұрақтар» деп аталды. Бұл бөлімде тақтаға сандар ұсынылды. Сандардың астында сұрақтар жасырылды. Педагогтер өздеріне берілген сұрақтарға жауап берді. Жауап берген педагог сол ұпайды иемденді.
Үшінші бөлім «Мақалды жалғастыр» деп аталды. Бұл бөлімде қатысушыларға мақал-мәтелдің басы айтылып тұрда, қатысушылар мақалдың жалғасын айтты.
Соңғы бөлім «Қонақ кәде» деп аталды. Бұл бөлімде қатысушылар мемлекеттік тілде өлең оқыды, ән салды, тілек айтты. Сайыс өте тартымды өтті. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындар берілді. Марапаттаулар қазақ тілі апталығының жабылуында берілетін болады.
«Кел, санайық, санамақ»
24 ақпан күні «Қазақ тілін меңгеміз» қазақ тілі апталығының жоспарына сәйкес ортаңғы топ балаларымен санамақтар жарысы өтті. Жарысқа ортаңғы топтың алғыр балақайлары қатысты.
«Мақал – сөздің мәйегі»
Сонымен қатар ересек топ балаларымен «Мақал – сөздің мәйегі» деген атаумен мақал-мәтелдер жарысы өтті. Жарысты ересек топ тәрбиешісі А.С.Малгелдина өткізді. Жарысқа бөбекжайдың «Бауырсақ», «Қарлығаш», «Ботакөз» топ балалары қатысты.