oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/01/12
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/01/12

2020 жылы 15 ақпан күні Жезқазған қаласының музыкалық колледжінде «Art Time» балалар, жасөспірімдер және жастар шығармашылығының фестиваль-конкурсы өтті. Халықаралық фестиваль-конкурсқа «№ 12 «Салтанат» бөбекжайының бүлдіршіндері қатысып, «Хореография», «Вокал», «Көркем сөз» номинациялары бойыша өнер көрсетті. 3-4 жастағы кішкентай бүлдіршін қыздарымыз «Көңілді тышқандар» биімен көрермендерді сүйсіндірді. Тышқандар биі көптің көңілінен шығып, көрермендердің үлкен ықыласына бөленді.

 

4-5 жастағы сері ұлдарымыз «Қансонар» биін биледі. Қолдарына қамшы ұстап, аңға шықты. Аңшы жігітіміз оң қолына қыран бүркітін, сол қолына қамшысын ұстап қасқырға шапты. Аңшы қасқырмен айқасып, ақырында қасқырды жеңіп, терісін алды. Сері жігіттеріміздің «Қансонар» биі бұрынғы ұмытылып бара жатқан аң аулау дәстүрін еске түсіріп, келешек ұрпаққа аңға шығу сәті дәріптеді.

 

4-5 жастағы бүлдіршін қыз-ұлдарымыз «Вокал» номинациясына қатысып, «Балдырғандар әнін» шырқады. Әнді нақышына келтіріп, би қимылдарымен көрсете орындады.

 

«Көркем сөз» номинациясына 4 жастағы тәрбиеленушіеріміз Құрақбай Еркеназ ұлы Абай атамыздың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңін, 4 жастағы Фермебай Мағжан М.Мақатаевың «Елім барда» өлеңін, 5 жастағы Бейсен Темірлан М.Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін мәнерлеп айтып берді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз үлкен ақындардың өлеңдерін жоғары дәрежеде орындап, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.

 

Кішкентай бүлдіршіндеріміз үкілеген үмітімізді ақтап, бөбекжайымыздың мәртебесін асқақтатып 2 бас жүлде, 3 І орын мен 1 ІІ орынды иеленді. «Хореография» номинациясы бойынша «Қансонар» биі мен «Көркем сөз» номинациясы бойынша Құрақбай Еркеназ «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңімен бас жүлдені, «Хореография» номинациясы бойынша «Көңілді тышқандар» биімен, «Балдырғандар әнін» орындаған әншілер тобы және Фермебай Мағжан «Елім барда» өлеңімен жүлделі І орынды иеленді. «Көркем сөз» номинациясы бойынша Бейсен Темірлан «Отан туралы» өлеңін орындап жүлделі ІІ орынды иеленді.  Фестиваль-конкурсқа бүлдіршіндерді жоғары дәрежеде дайындаға хореограф А.М.Болатова, музыка жетекшісі А.Ғ.Сүйменова және топ тәрбиешілерінің еңбектері жана берсін.

 

Кішкентай жұлдыздарымыз «№ 12 «Салтанат» бөбекжайының» мәртебесін көтеріп, өнерлері өрге жүзсін демекпіз!     

 

Бөбекжай педагогі Аяшева Нургул Бакбергеновна

{gallery}01/12{/gallery}