2020 жылы ақпан айының 12-сі күні Жезқазған қаласындағы № 12 «Салтанат» бөбекжайынның «Бауырсақ» тобында «Бақытты отбасы» атты ата-аналармен тренинг өтті.
Мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау. Тренингке 15 ата-ана қатысты.
Тренинг ерекше сәлемдесумен басталды. Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып қойылған үш түсті шеңбершелерді таңдады. Шеңбердің артындағы суретке байланысты бір бірімен амандасты. Содан соң ата-аналар сол түстерге байланысты үш топқа бөлінеді. Бөбекжай психологы Бейсенова А.А «Нұрға бөлену», «Джунглида» ойындарын жүргізіп ата-аналарды ерекше сезімге бөледі. «Отбасы бақыты» әңгімесі оқылды. «Бақытты отбасы» тақырыбында класстер жасалып, ой қозғау өткізілді. Тренинг барысында «Суретте қандай мақал жасырылған», «Әріп таңдау» ойындары ойналды. «Жол, жылан, үй, бокал, шалбар мен орамал» диогностикасы өткізілді. Бөбекжайда, отбасында кездесетін әртүрлі ситуациялық жағдайлар талқыланды. Ата-аналар өздерінің көкейлерінде жүрген жылы сөздерін сыртқа шығарды. Тренинг соңында ата-аналар тілек-ұсынстарын көбелектерге жазып, сиқырлы гүлге қондырды. Ата-аналар тренингтен үлкен әсер алып, тәрбиешіге үлкен алғыстарын білдірді.
{gallery}0-0/7{/gallery}