28-29 қараша күндері № 12 «Салтанат» бөбекжайында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараларға бөбекжай тәрбиешілері, бүлдіршіндері және ата-аналары қатысты.
Бәрімізге мәлім желтоқсан айының бірінші жұлдызы қазақ күнтізбесі үшін жаңа мемлекеттік мерекемен — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін атап өтумен толықты. 1 желтоқсан тарихымыздың ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді бірлікке шақырған күн. Елбасының халықтың əлеуметтік игілігіне бағытталған мемлекет құру жолындағы күш-жігерін ескере отырып, дәл осындай жоғары дәрежелі құрметке лайық тұлға екеніне ешкімнің дауы бола қоймас деп білеміз.
Еліміздің тұнғыш президенті күніне арналған мерекелік іс-шара біздің бөбекжайда өте жоғары дәрежеде аталып өтілді. Мерекелік іс-шара екі күн бойы мерекеленді. Алғашқы күні бөбекжаймыздың барлық топтарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Барлық топ бөлмелері мерекеге сай безендіріліп, тұңғыш президентімізге арналған буклеттер қойылып, ата-аналарға құттықтаулар ілінді. Бүлдіршіндеріміз тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмірінен мәлімет алып, Елбасына жыр-шумақтарын арнады, патриоттық әндерді шырқады, ойындар ойнап, би биледі.
Екінші күні «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. Мерекелік ертеңгілігіміз бөбекжай тәрбиешілерінің «Елбасының дүниеге келуі» көрінісімен басталды. Қойылымға бөбекжай тәрбиешілері А.С. Малгелдина, Г.Е Камбасова, Г.С Тілегенова, С.Ж. Жампейсовалар қатысып, кейіпкерлер рөлін шеберлікпен сомдап шықты. Қойылымда сәбиге ат қою, балаға бата беру, шілдехана тойы, тойға шашу- шашу сияқты қазақ халқының салт- дәстүрлері көрініс тапты.
Бөбекжай бүлдіршіндері Елбасына деген сағынышын, ілтипатын, құрметін ән-шашумен, бимен, жыр-шумақтарымен жеткізіп, бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқандығы үшін зор алғыстарын білдірді. Атап айтсақ «Алаш ұландары», «Шалқыма» атты ұлттық нақыштағы қазақ билерін орындады, «Отаным Қазақстан», «Елбасы ел бағы» әндерін шырқады. Бүлдіршіндер Н.Ә. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан жаттаған нақыл сөздерін де тарту етті. Кешіміздің соңы «Қазақстан патриоты», «Өзгерістер қуаты» деректі фильмін тамашалаумен аяқталды.
Елбасымен біргеміз, Елбасының саясатын толығымен қолдап, болашақта қазақ елін талай асулардан асырып,әлі де биік шыңдарды бағындыратынына сенімдіміз!
Бөбекжай тәрбиешісі Утембаева Бекайым Тогаевна
{gallery}/04.12{/gallery}.