Маусым айының 10.06-14.06 аралығында № 12 «Салтанат» бөбекжайында «Гүлдер» апталығы ұйымдастырылды.
Алаңдағы гүлдерді бақылау, гүлдейтін өсімдіктер туралы әңгімелесу, гүлдерге байланысты иллюстрациялар қарау, гүлдер туралы жыр-шумақтарын жаттау, жұмбақтар шешу сияқты жұмыстар ұйымдастырылды, отбасы мен балабақша арасындағы сабақтастық аясында ата-аналар қолымен түрлі материалдардан (түрлі-түсті қағаз, фетр, ) әдемі гүлдер жасалынып әкелінді.
Апта соңында «Гүлдер әлеміне саяхат» тақырыбында музыкалық ойын-сауық ұйымдастырылды. Ойын-сауыққа Жаз, Көбелек, Гүл сияқты көңілді кейіпкерлер қонаққа келді. Олар балалармен көңілді ойындар ойнады, жұмбақтар жасырды, балалар өлең-тақпақтар айтты, Көбелекпен бірге би биледі, мереке соңы таза ауадағы дискотекамен аяқталды. Балаларға алма таратылды. Ата –аналар жасаған неше түрлі әдемі гүлдерден көрме ұйымдастырылды. Балаларға шаттық көңіл-күй сыйлап, бөбекжай іс-шараларына қолдау білдіріп отырған ата-аналарымызға алғысымыз шексіз!
{gallery}3/2{/gallery}