oC
Біздің бөбкжайымыздың инновациялық іс-әрекеттері Балабақшаның инновациялық қызметі – бұл балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған жаңашылдықтардың енгізілуі. Бүгінгі таңда әрбір балабақша өз білім беру жүйесін жаңарту, тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу, және заманауи технологиялар мен құралдарды қолдану арқылы балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін көптеген инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. «Тәй-тәй» технологиясы біздің бөбекжайда image «Тәй-тәй» технологиясын өте тиімді пайдаланудамыз. Бүгінгі таңда балабақшадағы барлық оқу-тәрбие үрдісі «Тәй-тәй» технологиясының негізінде ұйымдастырылған. Ал ұйымдастырылған іс әрекеттері белсенділік орталықтарында ұйымдастырылады Іс әрекеттің осылай ұйымдастырылуы жаңа бағдарламаның талаптарын орындауға өте ыңғайлы. Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер дейді, біздер осы тәй-тәй технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды балалар үшін де, ата-аналар үшін де және тәрбиеші біздер үшін де тиімді етіп ұйымдастыру мүмкіндігін алып отырмыз. Ақпараттық -коммуникациялық технология Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру екені мәлім. image Тәжірибелік эксперименттік іс-әрекеттеріміз Эксперимент– – қоршаған айналаны білу мен түсінудің тиімді әдісі Эксперимент әдісінің артықшылығы: Бала бойындағы бар қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді: Белсенді, қызыға білуді үйренеді; ересектер мен құрдастарымен қарым-қатынас орнатуды және тіл табыса білуді үйренеді; зияткерлік және жеке мәселелерді шешуге қабілетті болады; өзі, әлемі және табиғаты туралы алғашқы ойлары бар; өз мінез-құлқын басқаруға және әрекетін жоспарлауға қабілетті; оқу әрекетіне қажетті білім, тәрбие алу үшін алғышарттар меңгереді.Практикалық жұмыс барысында баланың қызығушылықпен қоршаған әлемді танып білу үшін белсенділігін, бастамасы мен дербестігін дамытады. Эксперимент жұмысы мектепке дейінгі жастағы балалардың барлық білім салаларында жеке, топтық әрекетінде қолданылады. Балалар ересектермен бірге алғашқы жаңалықтарын жасайтын зерттеу іс-әрекет жасағанды ұнатады, түсіндіруге және дәлелдеуге үйренеді. image «Ойын» технологиясы Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Құм терапиясы Құм терапиясы – адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Құм терапиясын қолданудағы біздің мақсатымыз: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру. Құм терапия – балаларға үлкен мүмкіндік. Бала құммен алуан түрлі мүсіндер жасау арқылы өзінің сана-сезімін байытады. Құмдық терапия – ол баланың уайымдау немесе қайғыру сәтін ашып көрсете алады, ол жағдайда балаға көңілін көтеруге жол салады. Бала құммен ойнай отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Сонымен қатар, ойын үстінде өзінің көңіл-күйін көтерумен бірге, өзін-өзі емдей бастайды. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі. Бала құммен ойнай отырып, сенсорикасы мен моторикасын дамытады. Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады. image Фетрмен жұмыс Өмір талабына сай технологияларды оқу процесімен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті. Осыны ескере отырып, біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы әр жаңалықты өз қызметімізде қолданамыз. Яғни онда балалардың түрлі түсті фетр матаның жұмсақ әрі ыңғайлы екенін біле отырып баланың қызығушылығын оятамыз. Бұл матаның тиімділілігі жыл сайын өтетін мерекемізге пайдалануға болады. Қоғам алға жылжып дамыған сайын білімді, әрі жан-жақты болуды талап етеді. Этнопедагогика арқылы оқыту және тәрбиелеу Біз мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеуде қазақ этнопедагогикасы мазмұнын төмендегідей бес бағытта қарастырдық: қазақ балалар фольклоры; салт-дəстүрлер; ұлттық ойындар; ұлттық өнер; этноэкология; Сонымен, қазақ этнопедагогикасы негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеу мазмұны қазақ балалар фольклоры, салт-дəстүрлер, ұлттық ойындар, ұлттық өнер, этноэкология бағытында жас ерекшеліктеріне сəйкес жүйелеу, бұрын тəжірибеде қолданылмаған қазақ этнопедагогика материалдарын балабақшаның оқутəрбие үдерісіне енгізу баланың ұлттық болмысына ықпалын тигізді. Асық терапиясы Асық ойыны -қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген.Асықты бар ынта жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамыған. Асықпен ойнаған баланың зейіні тұрақталады, логикалық ойлау қабілеті дамиды, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыста болады. Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады. Асықты ойыннан бөлек балаларды жан-жақты дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекетінде пайдаланылды. Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы, ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады. Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын ұшқырлығын, зейінін жан-жақты дамытады. Асық терапеясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік –логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз. Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз. Асық ойыны арқылы көз жітілігін, мергендікті дамытып, ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз. Асықтан құрастырылған инновациялық тақтайшалар мен массажды қолғаптар арқылы бала денсаулығын шыңдаймыз. Инкюзивті білім беру Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға, адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Логопед маманының ең басты мақсаты ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою және алдын алу жөнінде балалармен түзету сабақтарын жүргізу.Сөйлеу картасы арқылы баланың сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке жұмыстар өткізеді. Айна алдында артикуляциялық жаттығулар жасайды. Логопед дыбыстардың айтылуын жөндеп қана қоймайды, сонымен қатар дұрыс сөйлеу, ырғақпен сөйлеу мәнерін қалыптастырады. Балалардың тіл кемістігін жою жолдарында артикуляциялық аппаратына, тыныс алуға және қол моторикасына арналған, көзге арналған жаттығулар өткізеді. Балалардың тіліне және бетіне массаж жасайды. Мектеп- балабақшада ұйымдастырылған балалар хоры да балалардың дұрыс сөйлеуі, дыбыстарды дұрыс айтуына, тыныс алуына жақсы әсер етіп, Логопед жұмысына көп көмек тигізеді.