oC

«Салтанат» бөбекжайы» КМҚК-да 2021 жылғы 19 сәуірде «Табиғатты жүрегіңмен түрт» экологиялық сауаттылық аптасының ашылуы салтанаты өтті. 

Апталықтың мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалар мен олардың ата-аналарының экологиялық сана-сезімі мен тәрбиесіне ықпал ету.

Апталықтың ашылуы музыка жетекшісі мен бөбекжай педагогтерінің қатысуымен  ойын-сауық ретінде өткізілді.

Барлық жас топтарында табиғат, оны қорғау  туралы әңгіме жүргізіліп, балалар жас экологтар қатарына қабылданды.

Кіші топтарда «Балаларға табиғат туралы», ортаңғы топтарда  «Жұмбақтарды тап» ұйымдастырылған оқу қызметтері жүргізілсе, ересек «Қоңыраугүл», «Шырша» топтары арасында «Табиғат туралы не білетіндігіңді айт» ойын-сауығы жүргізілді.