oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-888/-8
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-888/-8

18.03.2021 жылы ересек "Бауырсақ" тобында «Төрлет,төрлет Наурыз!» атты ертеңгілік болып өтті. Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау.Ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру.ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп,қастерлеуге,қасиетін түсінуге баулу.Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді,мұраларын танып,білуге,сыйлап,түсінуге үйрету.Балалардың ой-қиялының,шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету. Ертеңгілік «Көктем келді» әнімен басталды.Ақ батасын беруге Қыдыр ата,шашуын шашуға Наурыз әже қонаққа келді.Наурыз мерекесіне арналған жыр шумақтары айтылды.Қонаққа Алдар көсе,Күн мен Түн келді.Алдар көсе «Тауық күрес» ойынын ұлдармен ойнады.Бауырсақ тобына берілген салт-дәстүр «Қырқынан шығару» салты көрсетілді.Ақ жаулықты әжеміздің көмегімен кішкентайды қырқынан шығардық.Күн мен түн балалармен «Аударыспақ» ойынын ойнады.Ұлдарымыз «Қара жорға» биін билесе,қыздарымыз өздерінің билерін мерекеге тарту етті. Наурыз мерекесіне арналған «Құтты болсын әз-Наурыз», «Наурыз мереке» әні шырқалды. {gallery}-888/-8{/gallery}