Меркеде "Наурыз- жыл басы", "Құтты болсын Наурыз", "Көктем келді" әндері шырқалып, Қазақтың ұлттық билері биленді. Балаларға қонаққа Алдар көсе, Қанбақ шал, Дәу, Наурыз қыз, Ару күн келіп балалармен "Арқан тартыс", "Асық ату", "Кім мықты" ойындарын ойнады. Еркежан қызымызға қазақтың салт-дәстүрі бойынша құда түсіп, Ақ жаулықты ақ әжеміз қызымыз батасын беріп, құлағына сырғасын салу рәсімін көрсетті. Ертеңгілік "Құтты болсын Наурыз әнімен" әжеміздің балаларға қонақтарға арналған шашуымен аяқталды. {gallery}-888/-5{/gallery}