15.03.2021жылы «Бақ-бақ» тобында «Әз-Наурыз» мерекелік ертеңгілігі өткізілді.
Ертеңгіліктің мақсаты: Ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу.Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларын танып - білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Ертеңгілік «Той тойға ұлассын» деген ниетпен, мереке «Наурыз» ән шашумен басталды. Қыз балалар «Гүлдер» биін биледі,
Ал ұл балалар «Қара жорға» биін билеп берді. Ертеңгілік «Ханталапай» ойынымен жалғасты. Қонаққа ақ жаулықты әжеміз келді, балаларға қазақ халқының салт дәстүрін ала келді.
«Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.
Тұсау кесуші әже тәй-тәй басқан баланың аяғына ала жіп байлап жатып:
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам...- деп өлеңдете отырып, тұсауын пышақпен кеседі.»
Осылайша ертеңгілік балалардың өлең-тақпақтарымен аяқталды.
{gallery}-7/3{/gallery}