«Салтанат» бөбекжайының «Жұлдыз» ортаңғы тобында 16.03.2021жылы «Қош келдің, Әз Наурыз!!!» мерекелік ертеңгілік болып өтті.
Мақсаты: «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру, Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл –күй қалыптастыру. Әртүрлі ұлттық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрлерді құрметтеуге, үлкендерді және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
«Жұлдыз» тобының кішкентай бүлдіршіндері Наурыз мейрамына ұйымшылдықпен қатысты. Балалар наурыз мейрамына арналған тақпақтарын, әндерін айтып, билерін билеп өнерлерін көрсетті. Наурыз мейрамын қарсы алуға ауылдан Әжелері келіп қуантты. Әжесі Наурыз мейрамында немересін «Ашамайға мінгізіп», ауылдың сыйлы ақсақалынан бата сұрады. Той-тойға ұласып, балалар өте қуанышты күйде болды. {gallery}-888/-2{/gallery}