«Ана гүл, ана өмір шуағы»
«Салтанат» бөбекжайында 2021жылдың 2-наурыз күні «Раушан» тобында «Ана гүл, ана өмір шуағы» атты «8-наурыз халықаралық аналар» мерекесіне арналған ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, тәрбиешіге, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Бүлдіршіндеріміз көңілді әуенмен залға кірді. Балаларға мереке жайлы ақпарат беріліп, қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. Мерекеміз «Наурыз» әнімен жалғасты. Мерекемізге «Көктем» ханшайымы кіріп, қыздарымызбен «Қызғалдақ» биін билесе, ұлдарымыз «Ботқа пісіреміз» биін билеп өз өнерлерін көрсетті.Мереке әрі қарай жалғасып, бүлдіршіндер мерекеге арналған жыр шумақтарын тарту етті. Ертегі әлемінен қонаққа «Қызыл телпек және Қасқыр» келіп, мереке әрі қарай қызықты өтті. Бүлдіршіндеріміз кейіпкерлермен бірге «Кір жуу» ойынын қызыға ойнады. Ертеңгілігіміз «Айналайын ана» әнімен аяқталд