oC

25 ақпан күні бөбекжада қазақ тілі апталығының жоспарына сәйкес «Тіл- ұлттың жаны» тақырыбында ересек топ балаларымен топтық сайыс ұйымдастырылды. Сайысты «Бауырсақ» тобының тәрбиешісі А.Д.Жолдыбай өткізді. Мақсаты: мақал-мәтелдер, салт-дәстүрлерді насихаттай отырып, балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Осы кезеңдерде мақал-мәтелдер, жұмбақтар сайыстары өтті, ақын-жазушылар, салт-дәстүрлер туралы сұрақтар қойылып, ересек топ балаларысұрақтарға мүдірмей жауап берді. Әр топтың өз атауы, өз ұрандары бар. Әр кезеңді топ басшылары бастап отырды. Кезеңдер арасында балалар «Қамшы тастамақ», «Асық» ойындарын ойнады. Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталды.