2021 жылдың 20 қаңтар күні «Оқу сауаттылығы» апталығы аясында № 12 «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК-да келесі жұмыстар атқарылды: Жоғары топтар арасында «Біз оқимыз-біз білеміз» атты С.Маршактың шығармашылығымен таныстыру жұмысы жүргізілді. Балалар ақынның өлеңдерін «Дядя Степа» кейіпкерінің орындауында тыңдады. С.Маршактың шығармаларына көз жүгіртіп, өздерінің оқыған ертегілері бойынша қойылған сұрақтарға топ болып жарыса жауап берді. Алпамыс батыр мен Дядя Степа бөбекжай топтарын аралап, балаларға С.Маршактың өлеңдерін оқып, жолда жүру ережелерін сақтау туралы әңгіме жүргізді. Сонымен қатар бөбекжайдың ересек топтарында қазақ халқының «Жомарт және сараң» ертегісінің желісі бойынша, оны театрландыру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар балалармен бірігіп, «Қазақстан-менің елім» атты ертегісін ойлап шығаруда белсенді жұмыс атқарды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=692921628253995&id=100026084931907