«Қызықты математика» математикалық сауаттылық аптасы
Мектепке дейінгі жастағы балаларға мектепке ұйымда математикалық білім беру сапасын арттыру мақсатында «Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК-да 25-29 қаңтар аралығында математикалық сауаттылық аптасы басталды.
"Қызықты математика" апталығының салтанаттты ашылуы бөбекжайдың барлық топтарының қатысуымен өткізілді. Балалар апталықтың мақсатымен танысып, қызықты да танымды математика еліне саяхатқа аттанды.
https://www.facebook.com/100026084931907/videos/695920284620796/
Ортаңғы топтарда «Ғажайып қалта», ересек топтарда «Қатені түзет» дидактикалық ойындары ойнатылды. https://www.facebook.com/100026084931907/videos/695925197953638/
Тәрбиешілер В.П.Ерофеева мен Л.Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен ересек топтарда «Сүйікті фигураның портреті» атты ҰОҚ өткізілді.
https://www.facebook.com/100026084931907/videos/695926581286833/
Ортаңғы «Жұлдыз» және «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін театрландырып, кейіпкерлер бейнесін сомдай білді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=695928347953323&id=100026084931907
«Жұбын тап», «Үркер-үркер», «Сапқа тұр» ойындарын ойнау барысында балалар тапқырлық пен жылдамдық танытып, математикалық білімдерін шыңдай түсті.
https://www.facebook.com/100026084931907/videos/695930911286400/
«Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойыны барысында тәрбиеленушілердің бір-бірімен байланыстабірнеше әрекет түрлерін атқаруқарым-қатынасы арқылы сөздік қорларын дамыту жұмысы жалғасын тапты.
https://www.facebook.com/100026084931907/videos/695944024618422/
Математика апталығының бірінші күні балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілген іс-шаралар балалардың бойында
білімқұмарлық, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.
#маленькие #Пифагоры #krg