oC

2021 жылдың 19 қаңтар күні «Оқу сауаттылығы» апталығы аясында № 12 «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК-да келесі жұмыстар атқарылды:

Қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері Алпамыс батыр бөбекжай топтарын аралап, балаларға кітап туралы жұмбақтар жасырып, балалардың шығармашылығын, ой-қиялын шыңдады. Балалар қызығушылық танытып, бұл тапсырманы белсене орындады. Алпамыс балаларға рахметін айтып, олармен қоштасып, келесі топқа бет алды.

Бөбекжайдың ортаңғы және ересек топтарында Ы.Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» ертегісін оқып, талдап, оқыған ертегіге сәйкес сурет салу жұмыстары жүргізілді.

Бөбекжайдың «Алқызылгүл» және «Бақбақ» кіші топтарында тәрбиешілер балаларға «Құмырсқа шарасы» ертегісін оқыды. Сонымен қатар, осы ертегі барысына талдау жүргізіп, бекіту жұмысы ретінде, ертегі желісі бойынша аппликациялау жұмыстары жүргізілді.

Күннің II жартысында топтарда балалармен «Болашақта кітап қандай болады деп ойлайсыңдар?» сұхбаты жүргізіліп, олардың ойынша болашақта кітап қандай болады деген тақырыпқа «Болашақ кітабын» аппликациялау жұмысы жүргізілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=692362538309904&id=100026084931907