oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-1/12/1
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-1/12/1

«16 желтоқсан –Тәуелсіздік күніне» орай, ересек «Қарлығаш» тобында «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

 

Мақсаты:Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

 

Тәрбие сағаты көріністен, гимнен басталып,мереке жайлы ақпарат беріліп, «Желтоқсан» әнімен жалғасты.  Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіргені туралы мәліметтер айтылды.

 

Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат берілді. Балалар Тәуелсіздік  күніне арналған өлең-шумақтарын айтып, ұлдарымыз «Тұлпарым», қыздарымыз «Қазақ биін» билеп, өз өнерлерін көрсетті. «Ай мен күн» ойынын ойнады. Қорытынды сұрақтарға жауап алынып, тәрбие сағаты «Тәуелсіз ел ұраны» әсем әнімен аяқталды.

 

Ұл-қыздарымызға зор денсаулық, көңілдерін шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін. Жүзіміз жарқын болып,аспанымыз ашық болсын деп тілейміз.

{gallery}-1/12/1{/gallery}