«Тәуелсіздік» - деп соғады жүрегіміз!
2020 жылдың 11 желтоқсан күні бөбекжайымыздың ең кіші топтары «Алқызыл гүл» және «Бақ-бақ» топтарында «16-желтоқсан – Тәуелсіздік күнін» мерекелеуге арналған «Тәуелсіздік»- деп соғады жүрегіміз!» атты тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: елтаңба, ту, гимн туралы білімдерін қалыптастыру. Балалардың тіл байлығын, ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының гимнінен орындаудан басталды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз «Қазақстан», «Отан», «Тәуелсіздік» тақырыбында жыр-шумақтарын жатқа айтты. Балалар «Шаңырақ», «Кім жылдам?» ойындарын қызыға ойнады. Тәрбие сағатының соңында Әли мен Айя мультхикаясының Тәуелсіздік күніне арналған бөлімін тамашалады. «Тәуелсіз – ел ұраны» атты әнімен аяқталды.
{gallery}000i/16{/gallery}