oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-1/8
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-1/8

«№ 12 «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК

«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

ақпараттық науқанын өткізгені туралы есеп

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қазақстанның БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауы аясында 9-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының жоспарын және тұжырымдамасын іске асыру аясында «№ 12 «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК-да келесі жұмыстар жүргізілді:

 

09.11.2020 жылы бөбекжай-ішілік іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

 

10.11.2020 жылы «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты  ақпараттық науқанын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, акция аясында бөбекжайдың  ересектер топтары арасында  «Әлем балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.

 

 

Көрмеге балабақшаның ересек топтарының тәрбиеленушілері қатысты. Бұл – нағыз шығармашылық мерекесі болды, балалар өздері өмір сүргісі келетін әлемнің суретін салуға тырысты. Бір таңғаларлығы, балалар салған барлық суретте күннің бейнесі бар, бұл балалардың әлемді жарық, жарқын етіп көретіндігін көрсетті.

 

Ақпараттық бұрышқа «Балаға қатыгездікпен қараудың барлық нысандарының қорғалу құқығы» мақаласы жарияланды.

 

12.11.2020 жылы ересек топтарда «Тату өмір сүрейік» тақырыбында әңгімелер жүргізу жұмысы орындалды. «Қоңыраугүл» тобында бірге өмір сүрейік атты әңгіме өткізілді.Оның мақсаты: достық өзара көмектің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсету. Міндеттері:достық  туралы түсінікті нақтылау және кеңейту, өзара достық көмек көрсету дағдыларын дамыту, достарға мейірімділік, қамқор қарым-қатынасты тәрбиелеу болды.

 

Әңгіме барысында балаларға "Чебурашка және крокодил Гена"мультфильмінен бейнеролик ұсынылды. Содан кейін балалар келесі сұрақтарға жауап берді:

- Гена мен Чебурашка не салды?

- Достар көмекке келгенде мультфильм кейіпкерлері не сезінді?

- Неліктен олар достар үйін тез құрды деп ойлайсыз?

- Бір-бірімен кім дос болды?

 

Сондай-ақ, «Жолдасыңа көмектес» ойын-жаттығуы өткізілді. Ойын балаларға өте ұнады.

 

Осы тақырыпқа байланысты «Қарлығаш», «Бауырсақ», «Шырша», «Ботакөз» топтарында да балалармен әңгіме жүргізілді. Әңгіме соңында балалар өмірдің барлық жағдайларында достарына көмектесу керек деген ортақ пікірге келді.

 

 

13.11.2020 жылы ата-аналар арасында «Мен және менің отбасым тақырыбында» сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізу барысында ата-аналардың балаларға жаза қолдану, қатыгездік көрсету туралы сұрақтар бойынша қандай көзқараста екендігі туралы ақпарат алынды.

 

16.11.2020жылы ақпараттық бұрышта бөбекжайдың педагог-психологы А.А.Бейсенованың «Қатыгездікке «жоқ!» деп айтайық» мақаласы жарияланды.

 

17.11.2020 жылы ересек топтар арасында көшедегі және қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме жүргізілді. Мақсаты: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Балаларға өмір қауіпсіздігі ережелерін үйретуді жалғастыру. Қоғамдық және жеке көліктерде тәртіпті сақтау, жолда жүру ережесін орындау дағдысын қалыптастыру.

 

Балаларға «Сақта жолдың тәртібін» слайды көрсетіліп,  жолда жүру ережелін сақтау туралы толық мағлұмат берілді. Бағдаршам бағыттары толық түсіндірілді. Балалар «Бағдаршам», «Көшедегі жағдаяттар» ойындарын жол ережесін бұзбай, қызыға ойнады. Көшеде бөгде адам шақырса бармауын, ұсынған затын алмауын, сөйлеспеу керек екендігін ұғынды. Сонымен қатар балалар қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау дағдыларын меңгерді.

 

 

Сонымен  қатар балаларға көшеде, далада, қоғамдық орындарда ата-анасыз жүрмеуін ата-аналардың қадағалауы қажет екендігі туралы айтылды. Көшеде бөтен мысықтар, иттер сияқты  жануарларға таянбау, сипамау, тамақ ұсынбау қажеттігін айтып, бұның өміріне қауіпті болуы мүмкін екені түсіндірілді.  Ата-аналарға «Балалардың тәрбиесі, өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік және балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы»  жадынама таратылды.

 

18.11.2020жылы бөбекжай ата-аналары арасында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық проблемасының өзектілігіне дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Жиналыс барысында ата-аналарға бала құқығы туралы слайд көрсетілді. Жиналысқа түрлі себептермен қатыса алмаған ата-аналарға ватцап желісі бойынша қажетті ақпарат және презентация жіберілді. Бөбекжай ұжымы 20 қараша «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні» мерекесі болғандықтан ата-аналарды осы мерекемен құттықтады.

 

 

 

Ата-аналар жиналыстан қажетті, пайдалы ақпарат алғандығы туралы вацап желісінде хабарлап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Осы ақпараттық науқанның нәтижесі ретінде ересек топ тәрбиеленушілері мен ата-аналары «Бала-біздің болашағымыз» тақырыбында буклеттер дайындады.

{gallery}-1/8{/gallery}