oC

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қазақстанның БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауы аясында 9-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының жоспарын және тұжырымдамасын іске асыру аясында «№ 12 «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК-да 20.11.2020жылы бөбекжай ата-аналары арасында ZOOM платфомасында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық проблемасының өзектілігіне дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Жиналыс барысында ата-аналарға бала құқығы туралы слайд көрсетіліп, «Балалардың тәрбиесі, өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік және балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» жадынама таратылды. Жиналысқа түрлі себептермен қатыса алмаған ата-аналарға ватцап желісі бойынша қажетті ақпарат және презентация жіберілді. Ата-аналар жиналыстан қажетті, пайдалы ақпарат алғандығы туралы вацап желісінде хабарлап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.