2020 жылдың 5-6 мамыры аралығында «№ 12 «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК тәрбиеленушілеріне арналған онлайн платформада тәрбие сағаттары жүргізілді
2020 жылдың 5-6 мамыры аралығында «№ 12 «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК тәрбиеленушілеріне арналған онлайн платформада тәрбие сағаттары жүргізілді. Тәрбие сағаттарының мақсаты - балалардың бойында патриоттық сезім тәрбиелеу, Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату. Іс-шараларға қатысқан тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарына алғыс білдіреміз. Біздің бүлдіршіндеріміз Отанын сүйетін патриот болады деген үміттеміз.
#жеңіске75жыл
ЖУМАБАЕВА САЛТАНАТ САПАРБЕКОВНА
Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!
Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.