oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/0-0/8
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images//0-0/8

28 ақпан мен 6 наурыз аралығында «8 наурыз халықаралық әйелдер күнін» мерекелеу аясында бөбекжайдың барлық топтарында ертеңгіліктер мерекеленді. Мерекені алғаш болып, «Жұлдыз» және «Қызыл телпек» топтары бастады. Одан әрі «Бауырсақ», «Раушан», «Қоңыраугүл» топтары жалғады. Ертеңігілікте қонаққа Қарақшы, Көктем аруы,  Қасқыр мен Түлкі, Аю, Күн қонаққа келіп, балалар қонақтарға арнап, ән айтып, би биледі, ата-аналармен бірге көңілді ойындар ойнады.

 

Мереке «Күншуақ», «Ботакөз», «Қарлығаш» топтарының ертеңгілігімен жалғасты. Бұл ертеңгіліктер балалардың құттықтауымен басталды. Балалар аналарына арнап «Анашым анажаным» әнін әуелете шырқады. Қонаққа Қуырша Лол келіп, балалардан көмек сұрады. Зұлым сиқыршы Қуыршақтың сүйікті ойыншығын сиқырлап тастаған екен. Балалар Қуыршақ Лолға көмектесу үшін, «Көбеклектер» биін биледі.

 

Сонымен қатар балалар әжелерін де құттықтап ән салды, өлең шумақтарын арнады, Көктем аруымен бірге би де биледі. Мереке соңында балалар аналарына, әжелеріне гүл шоқтарын тарту етті.

 

Мерекені «Алқызыл гүл», «Бақ-бақ» және «Шырша» топтары аяқтады. Бөбекжайдың кіші топтары мерекеде өте көңілді өнер көрсетті. Аналардың қуанышында шек болмады. Мерекені балалар гүл шоқтарымен би билеп ашты. Бұл балаларға Көктем аруы, Күн қонаққа келді. Балалар қонақтарға құттықтаулар арнады. «Гүлдерді жина», «Кім жылдам?» ойындарын ойнады. Қыз балалар «Кішкентай көмекші», ұл балалар «Көңілді қалпақтар» биін биледі.  Балалар өздірінің қымбатты аналарын және сүйікті әжелерін қуантқысы келді. Балалар тәрбиешілермен бірге ән салды, би биледі, аналарымен ойындар ойнады. Әр бала өзінің анасына өз қолымен жасаған  әдемі сыйлығын тарту етті. Осындай мерекелер балабақшаның өміріне көктемнің жылулығын сыйлайды.Мереке соңында ата-аналар тәрбиешілер мен бөбекжай әкімшілігіне алғыстарын жаудырды.

  {gallery}/0-0/8{/gallery}