oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/1/4
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/1/4

2020  жылдың 10 ақпанында Жезқазған қаласындағы №12 «Салтанат» бөбекжайының  «Бақбақ» тобында  «Менің балам қандай?» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізілді.

 

Өткізілген тренигтің мақсаты -  қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.

       

Тренинг барысында тәрбиеші Ш.Ш.Акпанбетова «Қызықты сұрақтар», «Балама қандай жылулық беремін?» ойындарын қолдану арқылы ата-аналармен ой бөлісті. Ой қозғау сәтінде ата-аналар 4 топқа бөлініп, бала тәрбиесі жөніндегі сұрақтарға жауап беріп,  сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғады.

 

Жүректен жүрекке сәтінде  ата-аналар  балапандарына жүректерінен  шыққан жылы сөздерін, тілектерін  қағазға (жапырақ) жазып ағашты көркейтті.  Іс-шараны өткізген балабақша ұжымына ризашылықтарын білдірді.

       

 {gallery}1/4{/gallery}