«№ 12 «Салтанат» бөбекжайында 2020 жылдың 16-24 қаңтар аралығында балалардың сөздік қорын және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Ертегілер елінде» атты ертегілер апталығы өтті.
Мақсаты:
Тәрбиеленушілерге ертегіні суреттеп, сахналап қоюды үйрету. Ертегінің мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиетінің шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көзқарастарын білдіруге үйрету.Тәрбиеленушілердің бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту. Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бейімдеу.
Музыкалық зал апталық мазмұнына сәйкес безендіріліп, көркемделді. Балалар әртүрлі халық ертегілерін қазақ және орыс тілдерінде сахналап, ертегі кейіпкерлерін кейіптендірді.
«Алқызылгүл» және «Бақбақ» кіші топ тәрбиешілері үстел үсті және қуыршақ театрында «Түлкі мен тырна», «Шалқан» ертегілерін сахналап, балаларды қызыққа бөледі.
3-4 жас аралығындағы «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері «Түлкі, тырна және кене» ертегілерін сахналап, шеберліктерін шыңдаса, «Ботакөз» тобының тәрбиеленушілері «Саңырауқұлақ саясында» ертегісін сахналап, татулықты, достықты дәріптей білді. «Шырша» тобы көлеңке театрын көрсетті. Кейіпкерлерді балалардың өздері ойнап, көлеңкеде жүргізіп тұрды. Ертегіде кейіпкер бейнесін сомдау балаларға ұнады. Балалар «Бауырсақ» ертегісін қызықтады. «Қоңыраугүл» тобы «Қаздар» ертегісін қуыршақ театры ретінде көрсетті.
4-5 жас аралығындағы «Бауырсақ» тобы «Жыл басына таласқан жануарлар», «Күншуақ» тобы «Үш көбелек», «Раушан» тобы «Аю мен қояндар» ертегілерін сахналап, әртістік шеберліктерін көрсетті.
5-6 жас аралығындағы «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері «Бауырсақ» ертігісін жаңа жолмен өзгертіп сахналады. «Қызыл телпек» тобының тәрбиеленушілері «Заюшкина избушка» ертегісін сахналап, актерлік шеберліктерін шыңдап, көрермендер көңілінен шықты.
Апталық балаларға жақсы, қызықты әсерлер қалдырды.
{gallery}/5/1{/gallery}