oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/0/4
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/0/4

2019 жылы 23 желтоқсан күні № 12 «Салтанат» бөбекжайында «Алқызыл гүл», «Бақ-бақ» (2-3 жас) топтарында «Қош келдің, жаңа жыл бақшамызға» атты жаңа 2020 жылды қарсы алу ертеңгіліктері өтті.

 

Мерекеде балаларға көтеріңкі көңіл–күй сыйлау мақсатында тәрбиешілер аңдардың бейнесін сомдап, ертегі әлемінен қойылымдар қойды. Ертеңгілікті «Шырша шамын жағайық» ойынымен бастады. Одан әрі тәп-тәтті бүлдіршіндеріміз «Шыршамызға арнаймыз», «Аққала», «Аяз ата» әндерін шырқады. Әсем қыздарымыз ақшақарлар биін, ұлдарымыз «Аңдар» биін биледі. Балаларға қонаққа Аққала, Түлкі, Қоян және Тышқан келді. Бүлдіршіндер Аяз атаға жыр-шумақтарын тарту етті.

 

Аяз Ата мен Ақшақар балаларға жаңажылдық базарлықтар таратты. 

 

Кейіпкерлермен бірге ертегі әлеміне саяхат жасаған балалар мәз-мейрам болып, ойындар ойнады. Ертеңгіліктерге қатысушы ата-аналар балаларының өнерлерін тамашалап, жақсы көңіл-күйде болып, балабақша жұмысына ризашылықтары мен тілектерін білдірді.

 

 

 

 

 

{gallery}0/4{/gallery}