«Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы.
Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы
қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар а
суларға шақыра береді» Н. Ә. Назарбаев.
2019 жылдың 13 қараша күні № 12 «Салтанат» бөбекжайында қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі ұлы Абай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтілді.
№12 «Салтанат» бөбекжайында қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, сазгер, аудармашы, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе...» атты іс-шара өтті. Іс-шара аясында Абай ақынның өмірі мен отбасына арналып «Абай әлемі» атты көрме ұйымдастырылды.
Іс-шарабірнеше бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімдебөбекжай бүлдіршіндері Айдар Әділет «Тотықұс түсті көбелек», Кенжеқара Айкөркем «Әсемпаз болма әрнеге..», Шахмардан Інжу «Қараңғы түнде тау қалғып», Марат Аңсаған «Ғылым таппай мақтанба...», Алтай Сұлтан «Балалық өтті білдің бе?», Төлеген Айзере «Жүректе қайрат болмаса», Қуат Нұркелді «Күз», Нұртай Раяна «Өзгеге көңілім тоярсың», Фермебай Мағжан «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап», Құрақбай Еркеназ «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек», ЖанатоваТомирис «Көк ала бұлт сөгіліп» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп аталған келесі бөлімде бөбекжай тәрбиешілері Абайдың өздері таңдаған өлеңдерін жатқа айтып,ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерінтебіренте жырлады.Іс-шара ортасында ақынның ұшқан ұя, өскен ортасы туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды.
«Абай айтқан асылдар» бөлімінде бөбекжай тәрбиешілері ұлы ақынның философиялық ұғымға толы қарасөздерін екі тілде тарту етті. Бөбекжайда тәжірибеден өтіп жүрген ЖПГК 3 курс студенттері Саменова Аяжан, Сайлауова Ақтолқын, Тұрсынова Жанерке, Омар Динара Абайдың 17 қара сөзін сахналап көрсетіп, Абайдың шығыс стилінде жазылған оригиналдық поэмаларының бірі «Ескендірді» жатқа оқыды.
Абай барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұяты, ұлттық намысы. Абай шыққан биік, Абай бойлаған тұңғиық қазақ халқының шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін адам болмауы тиіс.
Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абай біреу - ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем. Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау - біздің парызымыз да қарызымыз.
{gallery}02/5{/gallery}