oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/0/1
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/0/1

Бұл мерекеге барлық балалар шынайы ықыласымен дайындалып, өз өнерлерін көрсетіп ата-наларын да мәз-мейрам ететіндігі тағы бар. Міне да осындай әдемі мереке өтті.

«Берекелі алтын күз» атты мерекелік іс-шара бөбекжайымыздың «Бауырсақ», «Раушан» топтарында  өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту, күз мезгілінің берекесі туралы балаларға түсінік беріп, оларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ең әуелі мерекелік жиында  балалар әуезді әуенмен залға кіріп, хормен күз туралы әнді әдемі орындады.

«Күзгі вальс», «Жемістер» биін билеген кішкентай қыздар мен ұлдар өз өнерлерін көрсетіп, жиналған жұртты таң қалдырды. Бір топ балалар «Саңырауқұлақ тасу», «Шалшық судан өту», «Жеміс теру» ойындарын өте көңілді ойнады. Ал тәрбиешілер күз бейнесі мен найзағай, жаңбыр, саңырауқұлақ кейпінде балаларды күлкіге бөледі. Сондай-ақ алма, сәбіз, қырыққабат кейіпінде қонаққа келіп, балаларға күз сыйын тарту етті.  Топ тәрбиешілері іс-шараға барлық балалардың атсалысуына мұрындық болып, жүргізушілік әрі педагогикалық қабілетінің жоғары екендігін көрсетіп, ата-аналардың ризашылығына бөленді.

Балалар өз өнерлерімен педагог және ата-аналар қауымын тәнті етті. Балапандарымыз биіктен самғай берсін!

{gallery}0/1{/gallery}.