2019 жылдың 22 қазан күні «Қарлығаш» тобында (3-4 жас) "Алтын күз ажары" атты күз мерекесі аталып өтті.
Оған балғындармен бірге ата-аналар қауымы да қатысты. Аталмыш мерекеге балалар үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері жеміс-жидектер туралы тақпақтар айтып, өлеңдер оқып, мерекенің мазмұнын аша түсті.Әсем қыздарымыз саңырауқұлақ биін биледі, бір топ бала ойын ойнады. Мереркеге Жалқаубек, Алма, Қырыққабат, Сәбіз келіп, балалармен ойындар ойнады. Дәрігер келіп балаларға күз мезгілінде жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидектерде дәрумендер көп болатынын, оларды жеу керектігін айтып кеңес берді. Мереке әсем әнмен аяқталды. Ата-аналар әдеттегідей «Күз сыйы» тақырыбында қолөнер бұйымдарын жасап әкелді. Мерекеге ерекше ат салысқан ата-аналарымызға алғыс айтамыз!
{gallery}7{/gallery}.