18 қазан - Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында үстіміздегі жылдың 17 қазан күні Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 12 «Салтанат» бөбекжайында Қарағанды қаласының «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ильмеев Талғат Маратұлының бөбекжай қызметкерлерімен кездесуі өткізілді.
18 қазан - Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында үстіміздегі жылдың 17 қазан күні Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 12 «Салтанат» бөбекжайында Қарағанды қаласының «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ильмеев Талғат Маратұлының бөбекжай қызметкерлерімен кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында бөбекжай директоры С.С.Жумабаева: 18 қазан – Рухани келісім күні. Ең алғаш 1893 жылы Американың Чикаго қаласында өткен әлемдік діндер жиынының жүзжылдығына орай 1992 жылы Алматы қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен рухани келісімнің Бүкіләлемдік Бірінші Конгресі өткізілген болатын. Конгреске 22 шет ел мемлекетінен 500-ден аса делегат қатысқан. Аталмыш жиынның өткізілуі көптеген шет мемлекеттердің тарапынан үлкен қолдау тауып, дінаралық татулықты сақтаудағы маңызы жоғары болғандықтан да осы конгресс өткізілген. 18 қазан – Рухани келісім күні ретінде еліміздің атаулы күндерінің қатарына қосылды. Осы уақыттан бастап бұл мереке елімізде жыл сайын лайықты деңгейде аталып өтіп келеді» - деп атап өтті.
Хабарлама жасау үшін Қарағанды қаласының «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ильмеев Талғат Маратұлына сөз кезегін берді. Т.М.Ильмеев бүгінгі күні әлем назарын өзіне аударып отырған лаңкестік пен діни экстремизмге Ислам дінінің қарсы екенін айғақтап, «жиһад», «радикализм» секілді күрделі ұғымдарға талдау жасады. «Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін күш – қоғамдағы тұрақтылық пен келісім. Бейбітшілік бар жерде береке жүреді. Жақсылық, ізгілік, мейірімділік сынды ізгі қасиеттерді ұлықтай отырып, «Біз – бір елміз, біртұтас халықпыз» деген ұстанымды ұстанған жөн» - деп атап өтті. Бөбекжай қызметкерлері өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға тартымды жауаптар алды.
Жиын соңында Қарағанды қаласының «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ильмеев Талғат Маратұлы осындай кездесулер мен түрлі дөңгелек үстелдер, семинарларды тек мереке күндері ғана емес, үнемі ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар етуіміз қажет деді.
Кездесу соңында бөбекжай әкімшілігі Қарағанды қаласының «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ильмеев Талғат Маратұлына
{gallery}1/2{/gallery}.