Бөбекжайымызда 2019 жылдың 1-5 шілде күндері Астанамыздың туған күніне арналған «Жайнай берші,астанам!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: кішкентай бүлдіршіндерге еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтан туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой- өрісін, қимылын ұштау. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып өзгертілгенін де айтып өту.
Дүйсенбі күні барлық топтарда «Қазақстан-біздің туған үйіміз», «Астанамыз-Нұр-Сұлтан!» «Нұр-Сұлтан қаласыныңкөрікті жерлері», «Еліміздің қалалары» тақырыптарында балалармен әңгіме жұмыстары жүргізілді. Сейсенбі күні көрікті астанамыз туралы иллюстрациялар қаралды.
Сәрсенбі күні «Менің сүйікті қалам»атты асфальтқа сурет салу сайысы ұйымдастырылып, балалар әдемі ғимараттардың суреттерін салды.
Бейсенбі күні «Менің кішкентай Отаным» тақырыбында көрме ұйымдастырылыды. Көрмеге ата-аналар ат салысты.
Жұма күні «Жайнай берші,астанам!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекемізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін ашылды.
Балаларға біздің мемлекетіміз туралы қызықты сұрақтар қойылды, өлеңдер мен тақпақтар айтылды. Көңілді би биленді, ойындар ойналып, көрікті Нұр-Сұлтан қаласының туған күні жоғары деңгейде атап өттілді.
Мерекемізде көптеген кейіпкерлер келіп балалар мен ойын ойнап, көтеріңкі көңіл күй силады. Дарынды балаларымыз ән айтып,соңында жаппай «Алға Қазақстан» әнімен флэшмоб биледі
{gallery}003/1{/gallery}