Маусым айының 24.06-28.06.2019 ж. аралығында № 12 «Салтанат» бөбекжайында «Көңілді көпіршіктер» апталығы өтті.
Апталық көңілді жаттығулардан басталды. Келесі күні «Ең үлкен көпіршік» сайысы ұйымдастырылды. Балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, ең үлкен көпіршік үрлеуге тырысты. Сайыс әр топ бойынша өткізілді. Топ балалары бір-бірінен қалыспады. Ортаңғы топ балалары ең үлкен көпіршік үрлеп сайыста жеңіске жетті.
Осы аптада ҰОҚ тәрбиешілер балалармен кемпірқосақ түстері туралы әңгіме жүргізді, көркем әдебиет оқып, жұмбақтар шешті.
Апталық ортасында кіші топ балалары арасында «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Ортаңғы топ балаларына халықтық қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылды. Апта соңында «Көңілді көпіршіктер» мерекесі ұйымдастырылды. Мерекелік ойын-сауықтың мақсаты балаларға мерекелік көңл-күй сыйлау. Балалардың ептіліктері мен икемділіктерін дамыту, жылдамдық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу. Мерекеде бөбекжай ауласы мерекеге сай безендірілді. Балаларға көңілді сұрақтар қойылды, мерекеге Сайқымазақ, Қуыршақ қонаққа келді. Олар балалармен бірге «Су тасимыз», «Өткелден өт», «Іздерді басып өт», «Шарды жина» сияқты көңілді ойындар ойнады, «Қара жорға» биін биледі. Мереке соңында балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, таза ауада музыка әуеніне би биледді. Мереке өте көңілді өтті. Балалар да, тәрбиешілер де мерекелік ойын-сауықтан ерекше әсер алып, қуанышты көңіл-күймен тарқасты.
{gallery}/6{/gallery}