oC
Бiз туралы

Құрметті ата-аналар!!!

Бөбекжай - бұл білім берудің, тәрбиенің, баланың үйлесімді дамуының алғашқы дағдыларын беретін таңғажайып мекеме. Мұнда балалар өз құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасауды үйренеді, мұнда ең маңызды мінез-құлық белгілері қалыптасады. "Салтанат" бөбекжай" КМҚК директоры Жумабаева Салтанат Сапарбековна.

Біздің бөбекжай 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды шақырады.

Бөбекжайда балалардың ақыл-ой, адамгершілік, шығармашылық, физикалық дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

Педагогикалық ұжым жас, білімді, шығармашылық, бей-жай қарамайтын педагогтардан тұрады. Бөбекжайда логопед, психолог сияқты мамандар жұмыс істейді.

Ұжымның жұмысы «Салтанат» бөбекжайына» баратын әрбір баланың өзін жайлы сезінуіне , толыққанды дамуы үшін қажеттінің бәрін алуына, сауатты болуына бағытталған.